Мәскеудің батысында белгісіз біреу тұрғын үйдің терезесінен ойын алаңына оқ атып, 4 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде белгісіз адам балалардың ойын алаңына оқ жаудыртты, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ресей астанасының құқық қорғау органдары хабарлағандай, Винокуров көшесіндегі 13-ші үйдің ойын алаңына белгісіз біреу жақын жердегі үйдің терезесінен пневматикалық қарудан оқ атып, анасымен бірге серуендеп жүрген 4 жасар қыз баланы жарақаттады. Басына оқ тиген қыз бала ауруханаға жеткізілді. Қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.