Абырой болғанда ұшақты жерге қондыру операциясы сәтті аяқталды. Бортта болған 7 экипаж мүшесі мен 172 жолаушы зардап шеккен жоқ. Айта кеткен жөн, «Таймыр әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақ Мәскеуге Грекияның Ираклион қаласынан келген болатын.
18:24, 09 Қазан 2016
Мәскеудің Домодедово әуежайына Boeing 737 ұшағы апатты жағдайда қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Домодедово әуежайына Boeing 737 ұшағы апатты жағдайда қонды. Себебі бұған дейін лайнердің дөңгелек бекітілген құрылғысы істен шықты деген хабар тараған болатын, деп жазады «Хабар 24».