Мәскеу үкіметі мен мэрінің баспасөз қызметі журналистерге құрылыстың «Митинодағы кейбір тұрғындардың наразылығы бойынша» тоқтатылғанын мәлімдеген. Қала құрылысы және жер комиссиясы жауапты адамдарға жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, мешітке басқа орын қарастыруды тапсырыпты.
"Независимой газетаның" жазуынша, 19 қыркүйек күні Митино тұрғындары алаңға жиналған, кейіннен ол стихиялық митингіге айналған. Шараға шамамен 2 мыңдай атам қатысыпты. Олардың ең қатты наразылығына ұшырағаны - мешіттің биіктігі 35 метр болатын мұнарасы көрінеді (бұл 13 қабатты үйдің биіктігі). Ал Regnum ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәскеудің Солтүстік-батыс әкімшілік аумағының префектісі Владимир Говердовский кейінірек бұл мәліметті жоққа шығарған. Оның айтуынша, бұл мешіт Ресейдегі ең кішкентай мешіт болар еді.