Мәскеудің оңтүстік-батысында 4 жасар бала 17-ші қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің тергеу комитеті бүлдіршінінің өліміне қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Мәскеу қаласы Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасына сілтеме жасап.

«Бүгін кешкісін Дмитрий Донской көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде әйел өзінің 4 жасар баласын өте үлкен биіктіктен құлағанда болатын дене жарақаттарымен тауып алды. Бүлдіршін алған жарақаттың салдарынан мерт болды»,-деді МТК-нің өкілі. 

Белгілі болғанындай, бала терезеден анасы үйінде жүрген кезде-ақ құлап кеткен. Қазіргі таңда баланың туыстары мен ата-аналары, көршілерімен әңгіме жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы оқиғаны байқап қалуы мүмкін кугерлер іздестірілуде.