Мәскеудің оңтүстік-шығысында автобус пен маршруттық такси соқтығысып, 8 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік-шығысында автобус пен маршруттық такси соқтығысып, 8 адам жарақат алды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Оқиға Белореченский көшесі бойындағы 22-үйде орын алды. Апат орнында «жедел жәрдем» бригадасы мен ЖПҚ қызметкерлері жұмыс істеуде.