Мәскеудің орталығында кран тұрғын үйге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеу қаласының орталығында тұрғын үйге құрылыс краны құлады, деп хабарлады life.ru.

Құрылыс техникасы ішінара ғимарат конструкциясын зақымдаған. Кран сынықтары қазандыққа құлады.
Оқиға орнына жедел қызмет қызметкерлері жетті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.