30 адам өзара жаға жыртысып, соның салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Мәскеулік құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің айтуынша, оқыс оқиға «Кузнецк көпірі» метро стансасының ауданында «Камчатка» барының маңында орын алған.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен кезде, бір-бірімен шекісіп қалғандар табандарын жалтыратып үлгерген. Ал оқиға орнында қалған 3 жапа шегуші ауруханаға жеткізілді.
Әзірге жаппай төбелестің себептері белгісіз. Бүгінде қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде.