МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Күдіктінің көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Үлкен Лубянкадағы №12 үйдің жанында белгісіз біреу адамдарды ата бастады. Жарақат алғандар бар. Күдіктінің жеке тұлғасы анықталып жатыр. Қылмыскердің көзі жойылды», - деп мәлім етті ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.
Мұның алдында агенттік Үлкен Лубянка көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылғанын хабарлаған болатын.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.