Мәскеудің тап орталығында банктің вице-президентін тонап кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласы орталығындағы Тимур Фрунзе көшесінде қаскөйлер іскер әйелді тонап, оқ атып, "Мерседес" көлігімен ізін суытты.

Мәскеулік "Океан" банкінің  вице-президентіне шабуыл жасалғаны жайлы айтылды. Қазір полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары "Құрықтау" жоспарын жариялады, деп хабарлады utro.ru.