Қазақстандық команда өз құрамын шараға екі күн қалғанда бекітті. Атап айтқанда, Ресейдегі кездесуге Теміртас Жүсіпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (56 кг), Ділмұрат Мәжітов 64 кг), Әбілхан Аманқұлов (75 кг) және Антон Пинчук (91 кг) барады.
Аталмыш шараны «Хабар» арнасынан тікелей эфирден көруге болады.
Vesti.kz сайтының жазуынша, матч аясында «Astana Arlans» сондай-ақ, "Чайна Драконс" (Қытай) және "Өзбек Тайгерс" (Өзбекстан) клубтарына қарсы тұратын болады.