Бұл енді Йеменнен елден кетуге ұйғарған азаматтарды жеткізген тоғызыншы ресейлік ұшақ. Ил-62 ұшағының бортында 160-қа тарта адам болды. Соның ішінде Өзбекстан, Куба, Армения, Тәжікстан және Қазақстан азаматтары бар.
Бұдан бұрын бұл күні тағы бір Ил-62 140-тай адамды - Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Йемен және АҚШ азаматтарын жеткізген болатын.
Барлық келген адамдар медициналық, төлқұжаттық және кедендік бақылаудан өтеді. Одан кейін оларды Ресей сыртқы істер министрлігі автобустармен эвакуациялық пунктке жеткізіледі.
СІМ-де оларды шетелдік мемлекеттер өкілдері күтуде, ал өзінің сапарын одан әрі жалғастыратындар мәскеу әуежайларына жеткізіледі.