Бұған дейін хабарланғандай, концертте Роза Рымбаева мен танымал әнші Ержан Нұрғалиев және Ренат Ибрагимов триосы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін шырқаған болатын.
«Біз экрандағы Қазақстан Астанасының сұлулығы мен қазақ тілінде шырқалған әннің әуезіне тәнті болдық. Роза Рымбаева мен танымал жас әнші Ержан Нұрғалиев және Ренат Ибрагимов триосы әнді жоғары деңгейде орындады»,-деді тыңдарман қауым.
«По морю жизни» деп аталатын автобиографиялық кітап желісінің негізінде дайындалған мерекелік бағдарламаға әйгілі әншінің алыс және шақын шетелдегі достары мен әріптестері қатысты
Олардың арасында танымал композиторлар мен әншілер бар. Атап айтқанда, Александра Пахмутова, Марат Башаров, Ольга Кабо, Евгений Воскресенский, Роза Рымбаева, Анатолий Ярмоленко («Сябры»), Фарух Закиров («Ялла»), Дина Гарипова, Мари Карне, Маргарита Позоян, Ержан Нұрғалиев, Ксана Сергиенко, «Тенора ХХI века» ұжымы, Kazan World және басқа да өнер жұлдыздары.
Ауқымды концерт Кремль сарайында өтті. Ән кешін Татарстан Республикасының камералық хоры мен РФ ФҚҚ Орталық шекара ансамблі сүйемелдеді.