Мәскеуліктер жаппай аты-жөніндегі әкесінің аттарын аналарының есімдеріне ауыстыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Халықаралық әйелдер күніне арналған ерекше әлеуметтік шара өтуде, деп хабарлайды 24.kz.

Интернет желісінде бастау алған шараны жергілікті билік, танымал сахна жұлдыздары да қолдап отыр. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ресей астанасының тұрғындары аты-жөніндегі әкесінің аттарын аналарының есімдеріне ауыстыруда. Анаға құрмет көрсетудің жаңа үлгісі тұрғындар арасында бірден қолдау тапты.

Мәселен ресейдің танымал жұлдыздары аналарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, жоғарыдағыдай билбордтарды Мәскеудің көшелеріне іліп қойған.

Жаңа идеяның авторларын Мәскеу билігі де қолдады. Осылайша жергілікті билік өкілдері тұрғындардың назарын қоғамдағы әйелдердің, әсіресе жалғыз басты аналардың мәселелеріне аудармақ.