«Қабылданған заңдар өмірлік қызметтің барлық салаларын, әсіресе, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелер сынды сезімтал мәселелерді қамтып жататыны бар. Депутаттарымыздың атап өтуінше, негізінен еліміздің шалғай аудандарында азаматтардың бәрі бірдей бұл заңдардың негізгі ережелерін біле бермейді», - деді сенатор Асқар Шәкіров.
Оның атап өтуінше, құқық қорғау тәжірибесінде шешілуі тиісті мәселелер бар.
«Бұл құқықтық білімді тек халық арасында ғана емес, сонымен бірге құқық қолдану тәжірибесіне тікелей жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің ортасында да насихаттауға қатысты. Жекелеген салақ шенеуніктердің әрекетінен осы мәселелердің барлығын жақсарту мақсатында қабылданған заңдар жоқ сияқты көрініп жатады. Сондықтан - «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлесігі» мен «Қазақстанның заңгерлер одағына» осы бағытта күш біріктіру ұсынылған еді», - деді сенатор.