Мәслихат депутаттары сайлауында қолданылатын бюллетеньдер еліміздің 7 аймағында дайындалатын болды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттары сайлауында қолданылатын бюллетеньдерді, алдын ала мәлім етілгендей еліміздің 4 аймақтық ұймдары емес, 7 ұйымы дайындайтын болды.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзінше, барлық бюллетеньдер қажетті деңгейде қорғаныс шараларымен қамтамасыз етілген.