Алдын ала мәліметтер бойынша, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған 10 мыңнан астам үміткерлердің 9 мың 165-і депутаттыққа кандидат болып тіркелді. Бұл мәліметтермен бүгін Орталық сайлау комиссиясынан соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды.
Оның деректерінше, облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат болып 1 мың 752 адам тіркелсе, аудандық мәслихат депутаты болу үшін 5 мың 523 адам саяси сайысқа түседі. Ал 1 мың 890 адам қалалық мәслихат депутатының мандаты үшін күреседі. «Тіркелген кандидаттардың 3 мың 446-ы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 264-і Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 99-ы Қазақстанның коммунистік халық партиясының, 50-і Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-і «Әділет» демократиялық партиясының, 21-і «Руханият» партиясының, 11-і Қазақстанның патриоттар партиясының, 9-ы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, 3-і Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясының, 1-уі Қазақстанның коммунистік партиясының мүшесі. Барлық тіркелген кандидаттар бүгіннен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.