«Шынымен де осындай мүмкіндік қарастырылған. Сайлау туралы заңнамада Орталық сайлау комиссиясымен де, сондай-ақ мәслихаттағы сайлауды ұйымдастыру кезінде тиісті комиссиялармен де дебаттар ұйымдастыру жайында айтылған. Сондықтан қазіргі кезде аталған мәселе аумақтық сай лау комиссиялар тарапынан пысықталып жатыр. Осы орайда пікірсайыстар ұйыстастырылатын болады», - деп түсіндірді
Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 30 желтоқсанда саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысы өтеді.
Айта кетейік, Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова партиялар атынан сайлау алдындағы пікірсайыстарға кімдер қатысатынынын жариялады.