«Бүгінгі күні мәслихат депутаттығына ұсынылғандардың жалпы санының шамамен 70-75 пайызы өзін-өзі ұсынғандар. Яғни, 10 мыңнан астам, оның ішінде саяси партиялар арқылы ұсынылғандардың саны 3412», - деді ол.
М.Сәрсембаев өз сөзінде мәслихат депутаттығына кандидат ұсынуда саяси партиялардың белсенділігі төмен болып отырғандығын баса айтты.
«Егер өткен жылғы науқанды алып қарар болсақ, ол кезде саяси партиялар, «Нұр Отаннан» бөлек басқа да партиялар біршама белсенділік танытқан еді. Ал ағымдағы жылы олардың белсенділігінің төмендеуі түсініксіз болып тұр», - деді ҚР ОСК мүшесі.