23 ақпанда жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталғанын атап өткен ол: "Бүгінгі күннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісті. Сонымен бүгін - сайлауалды үгіттің басталатын күні. Біз барлық тіркелген 10 мың 825 кандидаттың жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша сайлауалды бағдарламаларында өз идеялары мен ұсыныстарын жасайтындығына және республиканың сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылар дауысы үшін адал бәсекелестік күрес жүргізетіндігіне сенеміз", - деді.
М.Сәрсембаевтың алға тартқан деректеріне сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың 3335 депутаты, соның ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына 550 депутаты, аудандық мәслихаттардың 2160, қалалық мәслихаттардың 625 депутаты сайланады.