Жас кәсіпкер, көпбалалы ана Жаңагүл Қойшыбайқызы аспаз бола жүріп, 2019 жылы өзінің сүйікті ісін қолға алу мақсатында кәсіпкерлік негіздерінен оқу курсынан өткен. «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының аясында қайтарымсыз грант қаражатына ие болып, Қазалы қаласынан «Дария тәттілері» атауымен шағын кондитерлік өнімдер цехын ашқан.
Қазіргі кезде 5 баланың тәрбиесімен қатар, аудан тұрғындарын тәтті өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта кәсібін ұлғайту да жоспарында бар.
Кандидат сайлаушыны «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша атқарылатын шаралар туралы баяндады.
Кездесу барысында еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, жас кәсіпкер алдағы сайлауда нақты істердің партиясын қолдайтындығын білдірді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.