деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысында облыстық мәслихат депутаты бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан бөлінген несиелерді 6 жалған кәсіпорынның атына аударып, бұл қаражатты заңдастыруға әрекет жасаған. Мемлекетке келтірілген шығын 358 млн. 400 мың теңгені құрайды. Қазіргі кезде осы қылмыстық топтың ісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
«Оған қоса, қылмыстық топтың басшысы қаржы полициясы қызметкеріне істі тоқтату үшін пара беру кезінде ұсталды», - дейді М.Жұманбай.