«Сіздердің назарларыңызға ҚР мәслихаттары депутаттарының куәлігін бекіту туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Бұл ретте біз ҚР-ның «Сайлау туралы» констиуциялық заңының 46-шы бабына сүйендік. Қаулы бойынша ҚР мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекітеміз», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан жақтап дауыс берді.