Оның сөзіне қарағанда, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну бүгіннен басталып, биылғы жылдың 5-ші желтоқсанына дейін жалғасады. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап, 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну 16 желтоқсанда басталады.
16:23, 16 Қараша 2011
Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына кандидаттарды ұсыну 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығында өтеді - ОСК
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына кандидаттарды ұсыну 2011 жылдың 16 қарашасы мен 14 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл туралы бүгін 5-ші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.