«Мәслихаттардың барлық деңгейінде депутаттыққа үміткер жастардың кадрлық резервін қалыптастыру» жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Ертең елордада «Мәслихаттардың барлық деңгейінде депутаттыққа үміткер жастардың кадрлық резервін қалыптастыру» жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл ақпаратты «Қазақстан жас депутаттар қауымдастығы» бірлестігі таратып отыр.

Жобаның негізгі мақсаты - жастардың сайлау үрдісіне қатысу деңгейін жоғарылату, сонымен қатар сайлау округтары бойынша халықтың өзекті мәселелерінің нақты шешілуіне жастардың қатысуы.

«Қазақстан жас депутаттар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған шараға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысады.