Массимилиано Аллегри «Ювентустың» бас бапкері болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Милан» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Массимилиано Аллегри туриндік «Ювентустың» жаңа жаттықтырушысы болды.

Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты хабарлады (ФИФА).

Бұл жерде Аллегри командадан кетіп қалған Антонио Контені алмастырады. Келісімшарт екі жылға жасалды. Соған сәйкес, маман жылына екі миллион еуро алатын болады.

46 жастағы Аллегри 2010 - 2014 жылдар аралығында миландық клубты басқарды. Бұл команда чемпионатта жеңіске жетіп, Италияның суперкубогын ұтып алды. 2014 жылғы қаңтарда ол отставкаға кетті.