Масуд Пезешкиан: Израиль бітім шартын сақтаса, Иран да оны бұзбайды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Иран президенті Масуд Пезешкиан Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрахиммен және Оман сұлтаны Хайсам бин Тарик бин Таймур әл-Саидпен жекелеген телефон арқылы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Анадолы

— Егер сионистік режим бітім шарттарын бұзбайтын болса, Иран да оны бұзбайды. Біз Иран халқының заңды құқықтарын келіссөз үстелінде қорғауға және қорғап қалуға дайынбыз, — деді Пезешкиан.

Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA хабарлағандай, Премьер-министр Анвар Ибрахим Израильдің ядролық қаруды таратпау жүйесіне қатысты ұстанымын сынға алды. Оның айтуынша, ядролық мүмкіндіктерге толық ие бола отырып, Израильдің басқа елдерді өз құқықтарынан айыруға тырысуы мүлде қабылданбайтын әрекет.

Президент Пезешкиан сұлтан Хайсам бин Тарикпен сөйлесу барысында бейбіт өңір құра алатыны айтты.

— Біз бірлесе әрекет ету арқылы соғыс пен қақтығыстан азат, бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған, ілгерілеген өңір құра аламыз, — деді.

Сонымен қатар, президент АҚШ-тың Израильдің әскери басқыншылығына тікелей араласуы Иранды жауап шараларын қабылдауға мәжбүр еткенін атап өтті.

Оман сұлтаны Хайсам бин Тарик Иранның Катарға шабуыл жасау ниеті жоқ екенін білетінін айтты.

— Оман және аймақтағы басқа бауырлас елдер иран халқының құқықтарын қорғау жолындағы күш-жігеріңізді қолдайды, — деді Хайсам бин Тарик.

Атысты тоқтату режимі бұзылды, Израиль Иранды қайта атқыламақ