Тергеуде Сейітқазы Матаев жеке беделін пайдаланып «Қазақтелеком» АҚ-ның стратегиялық басқару бойынша бас директоры Батыр Маханбетажиевке оған компанияның тендерді ұтуына жәрдемдесу өтінішімен жүгінгені анықталды. Сейтқазы Матаевтың бақылауындағы «Ұлттық баспасөз клубы» жарнама материалдарын орналастыруда газет пен компания арасындағы делдал ретінде шығуы тиіс.
Бұдан бұрын Батыр Маханбетажиевтің айғағында сатып алу қағидасы бойынша қосалқы мердігерге беруді азайту қажеттігін нақтылаған, алайда Сейітқазы Матаевтың ұсынысымен келіскен. Ол өз қызметкерлеріне оған барлығы тендерлік құжатқа сәйкес келетіндей өтінім жасауға жәрдемдесулерін тапсырды. «Қазақтелеком» АҚ-дан С. Матаев 143 млн теңге жымқырды.
Осы эпизод бойынша куәгер ретінде «Эксперт Казахстан» ЖШС жарнама бөлімінің менеджері Светлана Семенова шақыртылды. Ол Ұлттық баспасөз клубы «Эксперт Казахстан» журналына жарнамалық материалдар орналастыруға қатыспағанын, барлық жұмыс «Қазақтелеком» АҚ-мен жүргізілгенін мәлім етті.
«Қазақтелеком» АҚ-мен мен тікелей жұмыс істедім. Ұлттық баспасөз клубымен жұмыс істеген жоқпын. Ол жерге тек дайын құжаттарды, шот-фактура, орындалған жұмыс актілерін жібердім», - деді куәгер.
Светлана Семенованың айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ қызметі туралы материалдарды журналға орналастырғаннан кейін бухгалтерияға жарнама беруші, көлемі мен шығару құны көрсетілген тізілім берген. Аталмыш шот-фактура бойынша жеткізуші - «ҰБК» туралы мәлімет «Қазақтелеком» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметінің қызметкерлерінен алынды.
Куәгердің айғақтарына сәйкес ҰБК тендер өткізгенге дейін жеткізуші ретінде айқындалғаны белгілі болды.
«Алаш айнасы» газетінің директоры Александр Ан «Қазақтелеком» материалдарын ЖШС қызметкерлері, ал ҰБК атына шот-фактура тендер өткізгенге және «Қазақтелеком» АҚ-мен шарт жасасқанға дейін жіберілгендігін. Бұдан басқа, тергеу Сейітқазы Матаев жарнама материалдарын орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер құнын көтергені анықталды. Ал айырма ақшаны қолды етіп, өз қажетіне жұмсаған.