Матай стансасындағы теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығысты

Фото: Фото: ҚТЖ

АСТАНА. KAZINFORM — 18 мамыр күні сағат 17:35–те Матай стансасындағы теміржол өткелінде «Mitsubishi Pajero» маркалы жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК.

— Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Алайда көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда оның тұлғасы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның себебі — жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

Бұған дейін ҚТЖ Қайрат – Байсерке аралығындағы теміржолдан мәйіт табылуына байланысты түсініктеме берді.