— Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Алайда көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда оның тұлғасы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның себебі — жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы.
Бұған дейін ҚТЖ Қайрат – Байсерке аралығындағы теміржолдан мәйіт табылуына байланысты түсініктеме берді.