Осы матч туралы киевтік «Динамоның» кезінде танымал футболшысы болған Анатолий Демьяненко Sports.kz-ке өз пікірімен бөлісті.
«Мен «Астананың» матчтарын көрдім. Қазақстандық команда өз үйінде жақсы ойнайды. Сондықтан, «Динамоға» алдағы матч қиын болмақ. Кездесу басқа жақта өтсе де, өз үйінде болса да, кез келген жағдайда әр команданың жеңіске жететін мүмкіндігі бар. Бұл матчты 50-де 50 деп бағалап отырмын», - деп түйіндеді бұрынғы футболшы және жаттықтырушы.