Математиктер цунами көзін жылдам анықтау тәсілін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір математиктері цунами көзін барынша жылдам анықтау әдісін әзірледі.

Бұл туралы Новосібір мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мамандар цунами көзін барынша шапшаң анықтау әдісін ойлап тапты», - делінген хабарламада.