«Мәтібұлақ» полигонында қаза болған әскерилердің отбасыларына төленетін біржолғы өтемақылардың көлемі нақтыланды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Кейбір БАҚ-тар жердегі әскерлердің «Мәтібұлақ» полигонында өткен топтық-тактикалық оқулары барысында қаза болған әскерилердің отбасыларына берілетін біржолғы өтемақылар туралы бұрыс ақпараттар таратып отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеп, мәселені анықтап берді.

«Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі туралы» ҚР Заңының «Әскерилердің өлімі (қазасы) немесе зардап шегуі кезіндегі кепілдер» туралы 14 бабында: «Әскери қызметкерге әскери қызметін өтеу кезінде немесе әскери міндетті қызметкер әскери жиындарға шақырылған кезде қайтыс болып (қаза тапса), мертіккен болса, біржолғы өтемақы төленеді. Әскери қызметкер қызмет барысында қайтыс (қаза) болған жағдайда, болмаса қызметін өтеу барысында алған жарақатына (контузия), сырқатына байланысты қызметтен шығарылған болса, оның мұрагерлеріне (мұрагерлік туралы құжаттар ұсынылған жағдайда), әскери қызметкер қайтыс болған (қаза) күнге дейін алып келген қызметінің алты айлық жалақысы көлемінде біржолғы өтемақы төленеді», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.