Осындай оқиғаның болғандығын бізбен әңгімесінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері Оксана Парпура растады.
Оның мәліметінше, қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде. «Оқиғаның болғандығы рас. Алайда біздің қолымызда нақты ақпарат жоқ. Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі шара бригадалық-тактикалық жаттығулардың шешуші кезеңі болатын. Оған Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдаушы, механикаландырылған және артиллериялық бригадалары қатысып, нақты жауынгерлік атыстарды пысықтауы тиіс еді. Нақтыланбаған ақпараттарға сүйенсек, әскерилер минаға ұрыну салдарынан қаза тапқан.