Сабақ үстінде педагог балаларға сыныптастарына (есімі аталмаған) оқуды үйрету туралы тапсырма берген, егер үйренбесе оны ұрып жазалауға рұқсат еткен. 10 жасар оқушы қыз мәтінді оқи алмады, ал оқытушы мен балалар оны жабылып ұрған. Сабақтан кейін қыз өзін жайсыз сезініп, мектеп директорынан сұранған. Үйге келгенде іші ауыра бастаған, ал ауруханаға апарған кезде қан құсып, көп ұзамай көз жұмды.
Оқиғадан кейін оқытушы қашып кетті. Әзірге полиция оны тұтқындаған жоқ.