Матрос абайсызда жазым болды - ҚР Қорғаныс министрлігі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29011 әскери бөлімінің матросы қаза табуына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты.

«Үстіміздегі жылдың 10 наурызы күні қаруды абайсыз қолдану салдарынан 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы матрос М.А. Шишімбаев қаза тапты», - делінген  ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиға себебін анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.