Матвиенко бастаған РФ Федерация кеңесінің делегациясы Қазақстанға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палата төрағасы Валентин Матвиенконың бастаған РФ Федерация кеңесінің делегациясы ресми сапармен Қазақстанға келмек, деп хабарлады РИА Новости.

Астанада Матвиенко мен делегация мүшелері Қазақстан басшылығымен, ел парламенті палатасының басшылары: Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Мәжіліс басшысы Бақытқожа Ізмұхамбетовпен кездеседі деп күтілуде. Сондай-ақ Матвиенко Қазақстан Сенаты мүшелерінің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.

Бағдарлама аясында екі ел парламенті жоғары палаталары арасындағы ынтымақтастық бойынша комиссия отырысын өткізу көзделген. Күн тәртібіне, атап айтқанда, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы трансшекаралық өңірлерді дамыту мәселесі енгізілді.

Екінші күні делегация Оралға (БҚО) барады. Онда әкімдік басшысы Алтай Көлгіновен кездеседі. Сондай-ақ, Федерация кеңесінің спикері ресей диаспорасы өкілдерімен де жүздесуді жоспарлаған.