Маугли қазақша сөйлейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірнеше ұрпақ балалық шағының сүйікті кейіпкері - Маугли қазақша сөйлейтін болады. Жаңа эпикалық шытырман оқиғалы қасқырлар арсында өскен бала туралы «Джунгли кітабы» кинофильмі отандық экранға шығады.

Оны аудару отандық кәсіби «Aray Мedia Group» дыбыс жазу студиясында жасалып, Лондондағы «Shepperton» студиясында жүйеленді. Дубляж режиссері Айждан Жамшитова, ол бұрын «Күлбике», «Малефисента» және басқа да фильмдерді дубляждауға қатысқан болатын.

Дубляжға оннан астам қазақстандық актерлер: Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермаганбетова (Каа), Ақарыс Утеуілов (Маугли) қатысты.

Балалық шақтан таныс, джунглиде қасқырлар арасында өскен бала Маугли тарихы осылайша үлкен экранға шығады. 1967 жылы түсірілген Disney анимациялық фильмі «Джунгли кітабы» толықметражды көркемфильміне айналған болатын.