Мәулен Әшімбаев Атырау облысында партиялық жобалардың іске асырылуына жоғары баға берді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалының активімен мәжіліс өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында цифрлық сауаттылықты арттыру, ғылыми шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар ойдағыдай іске асырылуда. Өңірде балаларды программалау және робототехника негіздеріне оқыту бойынша ІТ-сыныптар ашылуда, дәстүрлі кітапханалар заманауи білім орталықтарына өзгертіліп, спорт алаңдары реконструкциялануда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалуда.

Партия мүшелері кездесуінің басты тақырыбы Мемлекет басшысының еліміздің жетекші саяси күшін модернизациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру болды. Партияның облыстық активімен кездесуде Мәулен Әшімбаев Елбасының тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ететін өзекті мәселелер туралы айтты.

   «Партиялық модернизациялаудың нақты жоспары дайын. Бұл реформаның басты мақсаты - Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани салаларында модернизациялау бағытын саяси қолдаудың неғұрлым тиімді тетіктерін құру. Бірінші кезекте, біз партиялық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет. Сапалық құрамға толық тексеру жүргізілетін болады, партиялық білім беру жүйесі жаңа деңгейге шығады. «Нұр Отан» жастармен белсенді ынтымақтастық жасап, мемлекеттік органдарда жұмыс жасау үшін олардың арасынан ең талантты және белсенділерін ұсына отырып, жоғары білікті басқарушыларды өз бетімен дайындайтын болады. Екіншіден, партия жалпыұлттық күнтәртібін қалыптастыруға қатысатын қуатты идея жасаушы, стратегиялық күш болуы тиіс. Нұротандықтар өз қызметтерін жандандырып, елімізде туындаған ең өзекті және проблемалық мәселелерге жедел әрекет ететін болады», - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы берген тапсырмаларын орындау бағытында жүргізілген жұмыстарға оң баға берді. Бүгін «Нұр Отан» нақты істердің партиясы болуда. Жобаларды уақытылы және сапалы іске асыру жергілікті жерлерде де жүргізілуде. 

«Атырау облысында үлкен жұмыстар атқарылды, өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының ойластырылған және үйлестірілген жұмысы қандай нәтиже беріп отырғанын көріп отырмыз. Барлық жаңа жобалар тұрғындар біздің жұмысымыздың нақты нәтижесін көретіндей етіп бағытталған. Біздің партия құрылған сәтінен бастап экономикалық әлеуметтік және саяси салаларда Елбасының жүргізіп отырған саясатын белсенді және бірізді таратушы болды. Осы тарихи кезеңде өзіміздің басты миссиямызды мемлекет басшысының сенімді тірегі және Қазақстанды үшінші модернизациялауға жүйелі қатысатын стратегиялық күш ретінде көреміз», - деп атап көрсетті Мәулен Әшімбаев.

Партиялық активте сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы жұмыстар туралы әңгімеледі.

«Мемлекет басшысы бастама жасаған барлық бағыттар бойынша облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ІТ-орталық құрды. Қысқа мерзімде орталық 113 маман дайындады, оның ішінде облыс және қала мектептерінің 35 оқытушысы бар. Облыс бойынша бағдарламалауды оқытуды жүргізетін барлығы 10 ІТ-сынып ашылды. Студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге назар аударылуда. Жаңа оқу жылының қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ бұрынғы ғимараты Атырау мемлекеттік университетіне берілді. 450 орындық ғимарат студенттердің жатақхана мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні тағы да үш жатақхананың құрылысы жүргізілуде және сегіз жатақхананың құрылысын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. 2020 жылға дейін біз студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешетін боламыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, студенттерді жатақханаларда орынмен қамтамасыз етуге назар аударылуда. Жаңа оқу жылының қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ бұрынғы ғимараты Атырау мемлекеттік университетіне берілді. 450 орындық ғимарат студенттердің жатақхана мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні тағы да үш жатақхананың құрылысы жүргізілуде және сегіз жатақхананың құрылысын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. 2020 жылға дейін өңірде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешімін табатын болады.

Өңір басшысы кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Өткен жылы жергілікті бюджеттен Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін 222 жасқа білім беру гранттары бөлінді. Осы жылы тағы 247 абитуриент қажетті мамандықтарға оқуға мүмкіндік алды. Осылайша бірнеше жыл ішінде облыста өңір экономикасының маңызды салалары - медицинада, білім беруде, ауыл шаруашылығында мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жоспарлануда.

Партия активімен кездесуде бірқатар ұсыныстар берілді. Атап айтқанда мүгедектерді арнайы әдістеме бойынша оқыту, оларды нарықтың заманауи жағдайларында әлеуметтік ортаға бейімдеу және жұмысқа орналастыру, Қазақстанның қасиетті жерлеріне бару бойынша жастар бастамаларын қолдау бойынша.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бұл бағыттар партияның жұмысында маңызды және олар жақын арадағы жоспарларда ескерілетінін атап көрсетіп, назарға алды.