М. Әшімбаев өз парақшасында алғашқы жазбасын қалдырып, бұл жерде идеяларды көпшіліктің назарына ұсынылатынын, сондай-ақ партияның жұмысына қатысты нақты ұсынастар қабылдауға дайын екендігін атап өтті.
«Бүгінде партиямыз жаңғырудың жаңа биігіне бет түзеп, ауқымды жұмыстарды қолға алған шақта менің де Facebook-ке тіркелуім заңды құбылыс әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін. Себебі, бұл жерде әртүрлі идеялар көпшіліктің назарына ұсынылып, қызу талқыланатыны белгілі. Олардың арасында біздің саяси ұйым үшін де пайдалы болуы мүмкін өзекті ойлар айтылып жатады», - деп тоқталды ол.
Осы орайда, партия Төрағасының бірінші орынбасары Facebook арқылы ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туатынына сенім білдірді.
«Егер Сіздің «Нұр Отанның» жұмысына қатысты сындарлы пікіріңіз, партия қызметін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстарыңыз және басқа да мәселелерге қатысты ойларыңыз болса, оны әрдайым жеке хабарлама арқылы немесе m.ashimbayev@nurotan.kz электронды почтама хат ретінде жолдай аласыздар. Өздеріңізден ұтымды ойлар мен парасатты пікірлер болатынына сенім білдіремін!», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.