Мәулен Әшімбаев Парламенттің орнықты даму мақсаттарын мониторингілеу комиссиясының төрағасы болып сайланды
Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамын бекітті.
Оған сенаторлар қатарынан Мәулен Әшімбаев, Ольга Перепечина, Асқар Шәкіров, Сүйіндік Алдашев, Нұртөре Жүсіп, Әли Бектаев, Нұрлан Бекназаров, Сергей Карплюк, Ақмарал Әлназарова кірді.
Комиссия құрамында Мәжіліс депутаттарынан Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Аян Зейнуллин, Павел Казанцев, Асхат Рақымжанов, Асқар Садықов, Ерлан Стамбеков, Гаухар Танашева және Динара Шүкіжанова бар.
Аталға комиссияның төрағасы болып Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сайланды.
Парламенттік комиссия құру туралы мәселе бұған дейін Сенат отырысында талқыланған болатын.