Мәулен Әшімбаев болашақ қызметі жайында: бұл — алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе

АСТАНА. KAZINFORM — Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір палаталы Парламент құрылған жағдайда, қай салада жұмыс істеуі мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді. 

Фото: ҚР Парламенті Сенаты

— Бұл енді алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. Қазіргі менің құзыретім — Президенттің шешімімен анықталады, яғни Президенттің квотасы аясында тағайындалған сенатормын. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз — Мемлекет басшысының көтерген барлық бастамасын жүзеге асыру үшін тиісті заңдарды қабылдау, — деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Цифрлық кодекс, Құрылыс кодексі, банктер туралы заң бар екенін атап өтті.

— Бұл тұрғыда әріптестерімнің мақсаты — осы заңдарды сапалы деңгейде қабылдау. Атап айтқанда, депутаттар осы маңызды заңдарды талқылап жатыр, — деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады