Мәулен Әшімбаев: Қазақстанда церебралды сал ауруына шалдыққан 18 мың бала бар

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық церебралды сал ауруымен күрес күнінің маңызына тоқталып, мемлекет атқарып жатқан іс-шараларды атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: из открытых источников

“Бүгін әлем Халықаралық церебралды сал ауруымен күрес күнін атап өтеді. Бұл күн БЦС (ДЦП) диагнозы бар адамдар кездесетін қиындықтарға, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау керегіне назар аудару үшін бекітілген”, - жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Статистика бойынша әлемде бұл дертке шалдыққан 17 миллионнан астам адам бар. Қазақстанда олардың саны 26 мыңнан асады, оның 18 мыңы - бала.

Сенат төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділ және инклюзив қоғам құру туралы курсы ашылғанын, мемлекет кедергісіз орта құру мәселесіне баса назар аударатынын, адамдар сырқат түріне қарамастан тең дәрежеде әлеуметтену және өзін дамытуға мүмкіндік алу керек екенін айтты.

“Жақында Сенат жанынан Инклюзия бойынша кеңес құрылды. Жаңа алаң түрлі диагнозы бар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауға көмектеседі”, дейді Әшімбаев мырза.

Сондай-ақ ол әлеуметтенудің маңызды бөліктерінің бірі спорт екеніне тоқталды: елімізде қарқынды дамып келе жатқан, спорттың Паралимпиада түріне енген бағыттардың бірі - бочча. Биыл боччадан біздің құрама Азия Паралимпиада ойындарына қатысады. Бұл - қолдау мен жағдай жасалса, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін алынбайтын қамал жоқ екенін дәлелдейді.

Сөз соңында ол БЦС диагнозы бар адамдарды қолдауға арналған жобаларға қатысуға шақырды.