Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – Сенаттың соңғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді.

Фото: Kazinform

Саясаткер бүгінгі күннің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

– Еліміз үшін бүгін өте маңызды, тарихи күн. Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр. Сондықтан бұл сайлауды Президентіміздің кешенді реформаларының дәйекті жалғасы деп қабылдаймыз, – деді ол.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Бұл үдерісте азаматтардың белсенділігі маңызды.

– Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Бәріміз бірге Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда барлық қазақстандықтардың белсенді болғаны өте маңызды. Бүгін сайлауға дауыс бермеген азаматтардың бәрін сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамы, – деді саясаткер.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді.