АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының өкілі Мәулет Әлихан батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 17-21 жас аралығындағы гимнастар арасында қос шағын батутта өнер көрсетіп, финалда екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.