Себебін айта кетейік, Пәкістан астанасында биылғы жылы гүлге деген сұраныс «ұшып» тұр. Діни мерекелер мен халықтық мейрамдар қатарынан келген қаңтар айында өзгеге қуаныш сыйлап, лебізін білдіргісі келетіндердің көбісі осы гүл сатушылардан керегін табатын көрінеді.
Сондай-ақ, қазіргі кезде елдегі шаңырақ көтеріп, үйленгісі келетіндердің де қатары күрт көтерілген. Жалпы, гүлге деген бұндай сұраныстар Рамазан айында, Айт мерекелерінде, қажылық пен Мәуліт мерекесі тұсында тым артып шыға келеді, дейді гүл саудасымен айналысатындар.