Дымовских өз отандасы Геннадий Крпучковтан 31 секунд алда болып, жеңімпаз атанды. 30 шақырымдық қашықтықты спортшы 40:11.28 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Үшінші орында ирандық Хоссейн Мохамадиха.
Бұл бүгін велоспорттан құрлық додасында жеңіп алған екінші алтын медаль. Данил Фоминых жекелей сында Азияның алтынын иемденген болатын.