Маусымда пойызбен 1,2 миллионнан астам қазақстандық сапарға шықты
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың маусым айында еліміз бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 112 түрлі бағыттағы пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалданды.
- Дәстүрлі түрде жаз мезгілінде туристік бағыттарға сұраныс артады. Мәселен, маусым айында Бурабай курорты бағыты бойынша қатынайтын электр пойыздарын 18,7 мыңнан астам жолаушы пайдаланса, Шығыс Қазақстандағы танымал демалыс орны – Алакөл көліне пойыз арқылы 12,8 мыңнан астам адам жеткен, - деп жазды Самұрық-Қазына қорынан.
Компания мәліметінше, жолаушылар легін тиімді ұйымдастыру мақсатында жазғы маусымда сұранысы жоғары бағыттарға қосымша пойыздар шығарылды. Атап айтқанда, қосымша рейстер Алакөл, Балқаш және Бурабай бағыттарында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Ақтөбе – Астана бағытына жазғы маусымдық пойыз қатынайды.