Маусым айында экспортталатын тауарларға баға 9,9 пайызға жоғарылап, импортталатын тауарларға 0,5 пайызға төмендеді

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы маусым айында мамырмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 9,9 пайызға жоғарылап,

импортталатын тауарларға 0,5 пайызға төмендеді. Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға жоғарылауы мұнайға - 9, алюминийге - 2,5, сұйытылған пропан-бутанға - 2,4, мұнай өнімдеріне - 2,1 пайызға, ал олардың төмендеуі мысқа - 2,7, қара металл илегіне - 2,5, қорғасынға - 1, ферроқорытпаларға 0,9 пайызға тіркелді. Баға мақтаға - 4,5, бидайға - 3,6 пайызға жоғарылады, жүнге 2,2 пайызға төмендеді.

Импорттық түсімдерден күріш - 11,5, темекі - 4,5, шай - 3,6, сырлар мен лактар - 2,3, кофе - 1,5, аяқкиім 1 пайызға арзандады, құс еті - 5,9, өсімдік майы - 3,8, балық - 3, қант 1,8 пайызға қымбаттады.