Маусым айында экспорттық жеткізілімдерге баға төмендеп, импорттық түсімдерге жоғарылады

None
АСТАНА. Тамыздың 12-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылдың маусым айында экспорттық жеткізілімдерге бағаның төмендеуі,

олардың импорттық түсімдерге жоғарылауы байқалды.

Ағымдағы жылғы маусым мен мамыр айын салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,1 пайызға төмендеген, ал импортталатын тауарлар бағасы 1,1 пайызға жоғарылаған. Атап айтқанда, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға төмендеуі алюминийге - 10,8 пайыз, мысқа - 10,4 пайыз, газ конденсатына - 8 пайыз, табиғи газға 6,5 пайызды құраған. Ал баға жоғарылауы қорғасынға - 3,2 пайыз, көмірге - 3,1 пайыз, ферроқорытпаларға - 2,9 пайыз, мырышқа 2,6 пайыз деңгейінде белгіленді. Сонымен бірге, баға жүнге - 13,7 пайыз, темекіге - 8,1 пайыз, бидайға - 1,1 пайызға төмен, мақтаға 2 пайызға жоғарылағаны байқалды. Бұдан бөлек, импорттық түсімдерден құс еті - 12,1 пайыз, балық - 9,5 пайыз, аяқ киім - 4,7 пайыз, тоқыма бұйымдар 1 пайызға қымбаттап, дәрі-дәрмектер - 16 пайыз, жемістер - 11,2 пайыз, қант - 5,5 пайыз, өсімдік майы 5,4 пайызға арзандаған.