Маусым айында еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,9 пайызға төмендеді
Агенттік мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 6,9 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 1,1 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, өндірілген өнім 5,2 пайызға, ал өндірістік сипаттағы қызметтер 1,6 пайызға арзандаған.
Бұдан бөлек, өткен айда бағаның мұнайға - 8,7 пайыз, сұйытылған пропан пен бутанға - 8,4, дизельдік отынға - 4,9 пайыз, металл кендеріне - 0,7 пайыз, бензинге - 0,6, мазутқа - 0,2 пайызға төмендеуі тіркелген.
«Бір айда баға қорғасынға - 11,5 пайыз, өңделмеген мырышқа - 8,6 пайыз, асыл металдарға - 4,3 пайыз, мысқа - 2,9 пайыз, қара металдар илегіне - 1,6 пайызға төмендеді. Ал алюминийге - 14,8 пайыз, ферроқорытпаларға - 1,9 пайызға жоғарылады. Азық-түліктен жармалар - 1,8 пайыз, балық - 1,7 пайыз, қант - 1,5 пайыз, сүт өнімдері мен бидай ұны - 0,4 пайызға арзандап, құс еті - 1,3 пайызға, өсімдік майы - 0,6 пайызға қымбаттады», - делінген баспасөз айғағында.